Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол билеттеріне жеңілдіктер жариялады

Ұлттық тасымалдаушы «Сәтті сәрсенбі» акциясын іске қосты. Жолаушылар 2023 жылғы 15, 22 ақпанда және 1, 8, 15 наурызда жөнелтілетін пойыздарға билеттерді 50% дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады.

Акция келесі бағыттарға жарамды:

– № 3/4 Алматы – Астана – Алматы (Тұлпар-Тальго);

- №9/10 Алматы – Астана – Алматы (Бәйтерек);

- №37/38 Маңғыстау – Семей – Маңғыстау;

- №45/46 Павлодар – Түркістан – Павлодар;

- №47/48 Атырау – Астана – Атырау;

– № 65/66 Жезқазған – Астана – Жезқазған (Тұлпар-Тальго);

– № 79/80 Астана – Арқалық – Астана (Тұлпар-Тальго);

– № 81/82 Астана – Қостанай – Астана (Тұлпар-Тальго);

- №313/314 Атырау – Маңғыстау – Атырау;

- №613/614 Бейнеу – Орал – Бейнеу;

- №623/624 Астана – Петропавл – Астана.

«Алтын», «Күміс», «Жастар», «Саяхатшы» жеңілдік карталарын ұстаушылар қосымша жеңілдік ала алады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz. сайтынан алуға болады.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі