«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарының кешігуіне байланысты жағдайды бақылауда ұстайды
Соңғы уақытта жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінде бұзушылықтар байқалды. Осыған байланысты «Алматы-2 – Орал» қатынасындағы № 51/52 және «Алматы-2 – Петропавл» қатынасындағы №105/106 Тальго пойыздарының жүру маршруттарына өзгерістер енгізілді.
2022 жылғы 1 желтоқсанда №51/52 жолаушылар пойызының Ақтөбе станциясына және №105/106 пойызының елордаға дейінгі бағыттары бір рейске қысқартылды.
Жолаушыларды қысқартылған маршруттардан алып кету үшін біржолғы пойыздар тағайындалады:
- Ақтөбеден Оралға дейін және кері - № 505/506.
- Астанадан Петропавлға дейін - № 507.
Сондай-ақ, 2022 жылғы 1 желтоқсанда Алматы-2 станциясынан, Петропавлдан айналым бойынша 2022 жылғы 2 желтоқсанда Тальго вагондарынан құрылған №105/106 пойыз бір рейске тоқтатылады. Оның орнына стандартты вагондардан № 509/510 пойыз тағайындалады.
Сапарға шықпағаны үшін жолаушыларға билет құнын толық қайтару жүргізіледі. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес жолаушылардың жол жүрмеген қашықтық үшін жол жүру құны қайтарылады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды. Жолаушылар пойыздары қозғалыс кестесінің өзгерісі туралы ақпаратты «1433» бірыңғай телефон анықтамалық қызметі арқылы ала алады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі