«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Арнайы автобус» қызметін іске қосты

Үстіміздегі жылдың 29 мамырынан бастап «Жолаушылар тасымалы» ЖШС  UvU international LTD компаниясымен бірлесіп теміржол және автобус көлігін біріктіретін пилоттық режимде «Арнайы автобус» қызметін іске қосты.

Пилоттық жоба өңірдің көліктік қолжетімділігін жақсарту үшін және интермодальды жолаушылар тасымалын (көліктің бірнеше түрімен) дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде іске асырылуда.  Енді жолаушылардың ұйымдасқан топтары, яғни  10 жолаушыдан және одан жоғары адам пойыздан автобусқа ауысып, Астанадан елдің солтүстік өңірінің елді мекендеріне, оның ішінде жолаушылар пойыздары жүрмейтін – Бурабай, Зеренді, Баянауыл, Степногорск және т. б. бағыттарға жете алады.

Жолаушылар бұл қызметті https://uvu.kz/salonktz веб-сайт арқылы пайдалана алады. Жолаушылар пойыздары туралы анықтамалық ақпаратты 1433 тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» Телеграмм бот арқылы алуға болады.

Еске сала кетсек, «Жолаушылар тасымалы» АҚ бұған дейін екі интермодальдық қызметті, атап айтқанда, «Ауысып отыру» онлайн-сервисін және Астана шегінде «Перроннан үйге дейін» трансфер қызметін қосқан болатын.

«Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ Баспасөз-қызметі