«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол билеттеріне күзгі акция басталғанын хабарлайды. 2025 жылдың 22 қыркүйегі мен 23 қазаны аралығында және 2025 жылдың 3 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін жолаушылар жеті бағыт бойынша билеттерді жеңілдікпен сатып ала алады.
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүретін поездар:
№ 9/10 «Астана – Алматы»
Вагон түрі: отыратын (2С)
Жеңілдік: отыратын орындарға 40%.
№ 65/66 «Астана – Жезқазған»
Вагон түрі: турист (2Д)
Жеңілдік: купе орындарына 25%.
№ 67/68 «Астана – Өскемен»
Вагон түрі: турист (2Д)
Жеңілдік: жоғарғы сөрелерге 30%.
№ 77/78 «Алматы – Маңғыстау»
Вагон түрі: купе (2К)
Жеңілдік: жоғарғы сөрелерге 25%.
№ 351/352 «Алматы – Өскемен»
Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)
Жеңілдік: жоғарғы сөрелерге 30%.
№ 691/692 «Атырау – Ақтөбе»
Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)
Жеңілдік: жоғарғы сөрелерге 20%.
Күн сайын жүретін поезд:
№ 11/12 «Алматы – Шымкент»
Вагон түрі: турист (2Д)
Жеңілдік: купе орындарына 25%.
Жеңілдікпен билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе вокзалдардағы билет кассаларынан сатып алуға болады.
Билеттерді сату поезд жөнелтілгенге дейін 45 күннен 10 тәулікке дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.