Құпия сөздерге арналған жаңа қауіпсіздік саясаты!

Құрметті bilet.railways.kz сайт қолданушылары – қазіргі таңда алаяқтардың пайдакүнемдік және заңға қарсы әрекеттері шектен шығуда және күнделікті интернетте киберқылмыспен жиі бетпе-бет келу елең алуда. Темір жол билеттерін онлайн сатуда  сервистердің алдыңғы қатарлы көшбасшы бола отырып, тұтынушылардың елеулі базасына ие бола отырып және де қолданушыларымыздың мүдделерін қорғай отырып, біз қауіпсіздік саясатын өзгерттік. Осы себепті, төменде көрсетілген мысалға сәйкес тіркеу жазбаларының құпия сөздерін өзгерту талап етілуде.

* Егер сіз сайттың жаңа қолданушысы болсаңыз, сізге сайтқа тіркелу кезінде  талапқа сәйкес құпия сөзді ойлап табуыңыз керек.

* Егер біздің сервисте сіздің профиліңіз  бар болса, жеке кабинетке кірген кезде құпиясөзді қалпына келтіруіңіз қажет, әрі қарай сіз өзіңіздің электронды почтаңызды көрсетесіз, содан кейін жүйе сізге көрсетілген почтаға растау хатын жібереді, әрі қарай сілтемені басу арқылы сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіресіз және сол жерде сіз талапқа сәйкес жаңа құпия сөзді жаза аласыз.

                       Болды: abcd1234                Мысал: Abcd123*
                                                                                 AbCd456#
                                                                                 ABcd789$  ж/е т.с.с.


1. Құпия сөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек;
2. Құпия сөз таңбаларының ішінде жоғарғы және төменгі әріптер, сандар және арнайы таңбалар болуы керек(@, #, $, &, *, % және т. б.);
3. Құпия сөзде таңбалардың оңай есептелетін тіркесімдері болмауы керек (логин, аты-жөні және туған күнімен сәйкес келмеуі керек);
4. Құпиясөзді ауыстырған кезде, жаңа құпиясөз алдыңғыдан кемінде 5 символға ерекшеленуі тиіс;
5. Бұрын тіркелген пайдаланушылар жеке кабинетке қайта кірген кезде парольді өзгерту қажеттілігі туралы хабарлама алады және парольді өзгерту парақшасына қайта жіберіледі.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және сіздерді жаңа қауіпсіздік талаптарына түсіністікпен қарауға шақырамыз.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша тел. +7(717) 260-66-60 (24/7) хабарласыңыз немесе электрондық мекенжайға bilet@railways.kz. жазуыңызды сұраймыз.
Сіздің командаңыз bilet.railways.kz