Телефон нөмірін растау

Сайттағы жеке кабинетте телефон нөмірін растау

1-қадам:

Сайтқа кіріңіз https://bilet.railways.kz/. Оң жақтағы жоғарғы бөлікте «Кіру» түймесін басыңыз:

2-қадам:

«Авторизация» тармағын таңдап, пайдаланушының есімі өрісіне Логин (пошта мекенжайы) мен парольді енгізіп, «Кіру» түймесін басыңыз:

3-қадам:

Авторизациядан кейін оң жақтағы жоғарғы бөлігінде «Жеке аккаунт/Кабинет» бұдан әрі «Профиль» батырмасын басыңыз:

4-қадам:

«Телефон нөмірін» таңдап, кез келген қазақстандық байланыс операторының қолданыстағы телефон нөмірін енгізіп, «Сақтау» түймесін басыңыз:

5-қадам:

Әрі қарай, «Нөмірді растау» түймесін басыңыз:

6-қадам:

Сіз көрсеткен телефон нөміріне келетін 6 таңбалы кодты енгізіңіз, «Сақтау» түймесін басыңыз. Бұл тексеру аяқталды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Егер коды бар SMS келмесе немесе сіз қате кодты енгізсеңіз:

1. Жаңа кодты сұрау керек:

2. Телефонның жеке параметрлеріне байланысты, көбінесе коды бар SMS «Хабарламалар» бөліміндегі «Спам немесе қалаусыз» қалтаға түседі. Бұл бөлім телефонның брендіне және амалдық жүйенің нұсқасына (Android немесе iOS) байланысты өзгеруі мүмкін.

Тексеру үшін телефонда «Хабарламалар» қалтасын ашып, жоғарғы оң немесе сол жақ бұрыштағы үш нүктені/жолақты басыңыз:

«Мұрағат» қалтасын тексеріңіз;

«Спам және бұғатталған» қалтасын тексеріңіз;

«Параметрлер» – «Жалпы» – «Қорғау және қауіпсіздік» – «Спамнан қорғауды өшіру» бөліміне өтіңіз.

Алдыңғы бетке оралу