Сайтта/порталда тіркелу

Сайтта тіркелу

1-қадам:

Сайтқа кіріңіз https://bilet.railways.kz/. Оң жақтағы жоғарғы бөлікте «Кіру» түймесін басыңыз:

2-қадам:

«Тіркелу» тармағын таңдаңыз, «Электрондық пошта» және «Электрондық поштаны растаңыз» өрістерінде электрондық пошта мекенжайын толтырыңыз, «Құпия сөз» және «Құпия сөзді құптаңыз» өрістерінде кемінде 8 таңбадан тұратын парольді енгізіңіз (Пароль таңбаларының ішінде бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар болуы керек. Құпия сөз логинмен сәйкес келмеуі керек), содан кейін «Тіркелу» түймесін басыңыз:

3-қадам:

Келесі терезеде алдыңғы қадамды қайталаңыз:

4-қадам:

Құттықтаймыз Kubash_A@railways.kz, сіздің есептік жазбаңыз расталды.

Бұл тіркеу аяқталды.

Электрондық жол жүру құжаттарын (Билеттерді) сатып алу және есептік жазбаны пайдалану мүмкіндігі үшін телефон нөмірін растау (Верификация) рәсімінен өту қажет.

Тексеру нұсқаулығы келесі сілтеме бойынша қол жетімді https://bilet.railways.kz/help

Алдыңғы бетке оралу