Тальго жолаушылар пойызының екі рейсін тоқтату туралы

«Жолаушылар тасымалы» АҚ техникалық себептерге байланысты «Алматы-2 – Петропавл» қатынасындағы №105/106 Тальго жолаушылар пойызының жөнелтілімі екі рейске тоқтатылатынын хабарлайды:

- Алматы – 2 ст. 7 және 9 наурыз,

- Петропавл ст. 8 және 10 наурыз 2023 ж.

Тоқтатылған пойыз орнына жолаушыларды тасымалдау үшін стандартты вагондардан құрылған №509 бір реттік пойыз екі рейске тағайындалады.

Құрамды жөнелту:

- Алматыдан – 7 және 9 наурыз,

- Петропавлдан 8 және 10 наурыз 2023 ж.

Жол жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүру құнын толық қайтару жүргізіледі. Стандартты вагондардан құрылған пойызда сапарлағандарға Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және теміржол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес белгіленген тәртіппен жол жүру құнының айырмасы төленетін болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.