Біздің bilet.railways.kz веб-портал банктік картаны пайдалана отырып, жеке тұлғалар үшін электрондық т/ж билеттерін онлайн ресімдеу және төлеу бойынша қызметті ұсынады.
Біздің сайтта электрондық жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатып алу арқылы Сіз төменде көрсетілген барлық шарттармен келісесіз.
Сіз сайт пайдаланушысы ретінде, өзіңіздің құқықтарыңыз бен әрекет қабілеттілігіңізді, қаржылық мүмкіндіктеріңізді растайсыз, сондай-ақ осы Офертаның қорытындысы нәтижесінде Сізге жүктелген міндеттемелер үшін жауапкершілікті сезінесіз.
« ҚТЖ» ҰК» АҚ жолаушының порталы:
Ерекше көңіл бөліңіз!
Сайтта электрондық жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу жолдамаға сату ашылған сәттен бастап халықаралық және республикаішілік қатынастарда жолаушылар пойыздарына пойыз жөнелтілгенге дейін 45 күн бұрын сағат 07:00 және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар пойыздарына 10 тәулік бұрын және бастапқы станциядан пойыз жөнелтілгенге дейін 1 сағаттан кешіктірмей жүргізіледі.
Электрондық билет төленгеннен кейін электрондық жол жүру құжаты (билет) қалыптастырылады.
Электрондық жол жүру құжатын (билетін) қайтару:
Сатып алу алдында төмендегі пайдалану және тіркеу ережелерімен мұқият танысуыңызды сұраймыз.
Жүйені пайдаланушылар – бұл қажетті бағытқа электрондық теміржол билеттерін сатып алғысы келетін клиенттер, Интернет-сайтқа келушілер. Клиент өз төлем картасы бойынша талап етілетін бағыттарға темір жол билеттерін төлеуді жүзеге асырады.
Жүйе әкімшілері - бұл оперативті бақылау мамандары: Пайдаланушыларды басқару, пойыздар, бағыттар бойынша анықтамалардың мазмұнын және жедел және талдамалық есептілікті қалыптастыратын басқа да жедел ақпаратты бақылау, теміржол билеттерінің қолжетімділігін қарау. Аудитордың функцияларын орындайтын қаржы әкімшісі темір жол билеттерін бір жолғы сатып алуға шектеулер белгілейді, олардан бас тартқаны үшін айыппұл мөлшерін анықтайды.
Порталдың негізгі функциясы клиенттерге электрондық билеттерді сатып алу мүмкіндігін беру болып табылады. Электрондық билеттерді сатып алу операциясы 8 кезеңде орындалады:
1) Клиент пойыздың қажетті жүру бағытын (жөнелту станциясы және келу станциясы) және жөнелту күнін көрсетеді. Жүйе берілген критерийлерге түсетін барлық қолжетімді пойыздардың тізімін шығарады. Сондай-ақ Клиент кері жіберу күнін бірден таңдай алады.
2) Пайдаланушы тізімнен белгілі бір түрдегі орынды таңдайды. Жүйе белгілі бір үлгідегі орындардың егжей-тегжейлі тізімін және олар бойынша құнын береді.
3) Клиент орынды таңдайды, сондай-ақ, ол сатып алғысы келетін орындарға басымдықты көрсете алады.
4) Клиент электрондық билеттер ресімделетін жолаушылардың деректерін енгізеді, қажет болған жағдайда Клиент «Жолаушыны есте сақтау» батырмасын басып, сақталған жолаушылар бойынша деректемелерді толтыруды келесі жолы пайдалану үшін, енгізілетін жолаушының деректерін сақтай алады.
5) Клиент тапсырысты рәсімдеу ережесімен танысқаның растайды
6) Клиент электрондық билеттерді төлеуді жүргізетін төлем картасының параметрлерін енгізеді.
7) Жүйе сатып алынатын электрондық билеттер туралы ақпараты бар А4 форматындағы парақта баспа нұсқасын қалыптастырады және оларды клиенттің поштасына жібереді.
8) Клиент кейіннен пойызға отырғызу кезінде, электрондық тіркеумен немесе кассада және транзакциялық өзіне-өзі қызмет көрсету терминалында темір жол билеттерін алу үшін А4 форматты пішімді басып шығарады.
Электрондық билеттердің екі түрі бар:
o электрондық тіркеумен электрондық билеттің формасы;
o тіркеусіз электрондық билет нысаны.
Назар аударыңыз! Егер жөнелту станциясы мен межелі станциясы Қазақстан Республикасының аумағында болса, билетте Нұр-Сұлтан уақыты көрсетіледі. Егер жөнелту станциясы немесе межелі станция басқа елдерде болса, онда билетте, әдетте, сол немесе өзге елдің жергілікті уақыты (әдетте осы елдің астанасындағы уақытқа қатысты) көрсетіледі. Алайда ерекшеліктер бар: мысалы, Петропавл қаласындағы теміржол станциясы «РЖД» ААҚ юрисдикциясында орналасқан және Мәскеу уақыты бойынша жұмыс істейді.
Әрбір пойыз бойынша көрсетіледі:
Осыдан кейін клиентке қол жетімді сапар нұсқалары көрсетіледі. Бұл жағдайда электрондық билеттерді ресімдеу процесін жалғастыру үшін жолаушыға «сол жаққа» жөнелту пойызын да, «кері» жөнелту пойызын да таңдау және «Табу» батырмасына басу қажет
Назар аударыңыз! «Кері» ((«А» - «Б» / «Б» - «А») опцияны пайдаланған жағдайда, Клиент 2 түрлі тапсырысты ресімдейді. Бірінші бағыт бойынша «А» - «Б», екінші бағыт бойынша «Б» - «А».
Назар аударыңыз! Сізден төлем картасы туралы ақпаратты көрсету терезесінде Сізге берілетін орындарды Мұқият тексеруіңізді сұраймыз, өйткені орындарды таңдау төлем сәтіне дейін кепілдік берілмейді. Назар аударыңыз! «Экспресс-3» АБЖ-мен жұмыс істеу ережелері бойынша билетті сатып алу кезінде тек орын ауқымын көрсетуге болады, мысалы, егер Сіз 1, 3, 5, 6-орындарды таңдасаңыз, «Экспресс-3» АБЖ 1-ден 6-ға дейінгі аралықта орын резервте қалады және егер барлық орындар бос болса, онда 1, 2, 3, 4-орындарды резервте сақтайды.
Назар аударыңыз! Орындарды таңдауға төлем сәтіне дейін кепілдік берілмейді.
· Тапсырыс мәліметтері бар А4 форматындағы парақтағы электрондық билетті
· жеке басын куәландыратын құжатты
· Тапсырыс мәліметтеріне сәйкес барлық билеттер үшін жолаушылардың жеке басын куәландыратын құжаттарды
Кассир электрондық билетте көрсетілген пойыз және жолаушылар туралы деректерді «Экспресс-3» АБЖ-гі электрондық билеттің ақпаратымен салыстырып тексереді және олар бірдей болған жағдайда жол жүру құжатын басып шығарады және оны жолаушыға береді. Жүйенің деректер базасында электрондық билеттегі ақпарат сәйкес келмесе, кассир жолаушыға билет беруден бас тартады.
Компания жоғарыда көрсетілген тапсырыс алу тәртібін өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Тапсырыс алу тәртібінің өзгерістері Порталда Пайдалану ережелерінде немесе Жолаушылар үшін ақпаратта көрсетілетін болады.
· Жөнелту станциясы
· Келу станциясы
· Пойыз (қалауы бойынша толтырылады)
· Жөнелту уақытының кезеңі (қалауы бойынша толтырылады)
· Вагон түрі (қалауы бойынша толтырылады)
· Ең жоғары құны (қалауы бойынша толтырылады)
· Тариф түрі
· Құжат түрі
· Құжаттың нөмірі
· Тегі, Аты, Әкесінің Аты;
· Телефон
· Азаматтығы
· Жынысы
· Туған күні.
Клиент бірнеше жолаушыларға өтінім жасай алады, ол үшін «Жолаушыны қосу» бастырмасын басу қажет
Өтінімді рәсімдеу аяқталғаннан кейін, Клиент жүйеден жауап алу үшін толтырылған нысанды жіберуі қажет. Келесі терезеде Клиент кезек нөмірі, қорғаныс коды және өтінім мәртебесі көрсетілген сұратымға жауап алады.
• карта нөмірі (16 таңбалы);
• CVV2 немесе CVC2 мәні (картаның артқы жағындағы 3 таңбалы белгі). Егер CVV2/CVC2 коды көрсетілмесе, оны картаның эмитент банкінен білуге болады;
• картаның әрекет ету мерзімі (YYYYMM форматында).
Назар аударыңыз! Егер электрондық тіркеу қызметі Сіз таңдаған пойызға ұсынылмаса, Сізге жол жүру құжатын (билетті) «Экспресс» жүйесінің терминалымен жабдықталған билет кассасынан немесе Қазақстан Республикасының аумағында ғана өзiне қызмет көрсететін транзакция терминалынан алу қажет.
Қолданушылардан талап ету тәртібімен төлемдерді қайтаруға өтініш сайтта немесе билет кассасында орын қайтарылған жағдайда өтініш бойынша қабылданады. Пайдаланушылардан өтінішті жүктеу сілтемесі
Толтырылған өтініш нысанын келесі мекен-жай бойынша жібере аласыз:
1) Астана қ., Гете көшесі 11/1 – «Северный» жолаушылар тасымалы бойынша аймақтық филиалы (тел. 8-(7172) -93-23-89, 93-27-06);
2) Алматы қ., Тобаяков көшесі 2/1 - «Южный» жолаушылар тасымалы бойынша аймақтық филиалы (тел. 8-(727) -296-16-68, 296-12-98);
3) Ақтөбе қ., Станционная көшесі 11В, «Западный» жолаушылар тасымалы бойынша аймақтық филиалы (тел. 8-(7132) -97-64-24, 97-60-22);
4) электрондық поштаға:kensepp@railways.kz. Сіздің өтінішіңіздің электрондық поштаға түсу мәселесі бойынша мына телефон нөмірі бойынша анықтауға болады: 8-7172-600-118 (Кеңсе)
5) билеттерді қайтару тәртібіне қатысты кеңес беру мәселесі бойынша 8-(7172)-600-244, (Жол жүру құжаттарын сатуды ұйымдастыру қызметі), 8-(7172)-600-238 (Бухгалтерия) хабарласыңыздар.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өтініш мынадай жағдайларда тіркелуге жатпайды:
- өтініш нысанында көрсетілген қосымшалардың болмауы;
- байланыс деректері жоқ (ұялы телефон нөмірі, екінші телефон нөмірі, тұратын мекенжайы (өтініш берушінің кері мекенжайы).
Назар аударыңыз! Порталда жүргізілмейді: