БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қостанай облысы бойынша жолаушыларды отырғызуға/түсіруге рұқсат етілген

13 наурыз 2021ж.                                                                                    Нұр-Сұлтан қ.

 

ҚР аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 2 наурыздағы шешіміне сәйкес және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хатына сәйкес 2021 жылғы 13 наурыздан сағат 00:00-ден бастап Қостанай облысының аумағында орналасқан барлық стансалар бойынша теміржол билеттерін сатуға және жолаушыларды отырғызуға/түсіруге келесі жолаушылар пойыздары мен стансаларға рұқсат етілді.

• №37/38 «Маңғыстау-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» пойызы Арқа, Лисаковск, Аманқарағай, Қойбағар, Челгаши стансаларында / стансаларынан;

• №47/48 «Атырау-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» пойызы Алтынсарин, Арқа, Лисаков, Сарыкөл стансаларында /стансаларынан;

• №603/604 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Арқалық» пойызы Фурманов стансасынан/стансадан;

• №43/44 «Қостанай-Алматы-1» пойызы Апановка, Қазанбасы, Аманқарағай, Қойбағар, Челгаши, Жанысбай станцияларында / станцияларынан;

• №57/58 «Орал-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» Алтынсарин, Арқа, Лисаков, Сарыкөл стансаларында /стансаларынан;

• № 327/328 «Қостанай-Қарағанды» пойызы Қарағалы, Сарыкөл, Дудаковка, Қоскөл станцияларында / станцияларынан;

• №621/622 «Қостанай – Арқалық» пойызы Темірбұлақ, Притобольская, Апановка, Қазанбасы, Аманқарағай, Қойбағар, Челгаши, Жанысбай, Фурманов станцияларында / станцияларынан.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша өзекті ақпараттарды алу үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ әлеуметтік желілердегі парақшалары мен Bilet.railways.kz сайтына тіркелулеріңізді сұраймыз.
https://www.facebook.com/railways.kz,   https://www.instagram.com/railways.kz,      https://www.facebook.com/qazrailways, https://www.instagram.com/bilet.railways.

Сондай-ақ, жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі арқылы алуға болады.

Коронавирус инфекциясының таралуы кезінде жолаушылардан теміржол билеттерін Bilet.railways.kz сайтынан және «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасын пайдалана отырып онлайн ресімдеуді сұраймыз. Вокзалдар аумағында және пойыздар ішінде бетперде режимін сақтау қажет.

                                                     «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі