Инфографика

электрондық жол жүру құжатының толық ақпараты

Темір жол билетін жеңілдікпен онлайн рәсімдеу тәртібі

Онлайн билетті сатып алу үшін Сізге Интернет және Egovmobile мобильді қосымшасы қажет

1. Сайтта авторизация жасаңыз (тіркеліңіз).

2. Жол жүретін күнді және пойыз нөмірін таңдаңыз.

3. Вагоннан орын таңдап, мыналарды көрсету арқылы өз деректеріңізді толтырыңыз:

- ЖСН

- 6 санды әлеуметтік ID коды Egovmobile қосымшасынан алынады (ол үшін Egovmobile қосымшасында авторизация жасау қажет. Одан кейін «Цифрлық құжаттар» сервисіне өтіп, «Әлеуметтік ID» құжатын таңдаңыз. Құжатқа қол жетімділік батырмасын басып 6 санды қысқа кодты аласыз)

- мүгедектік туралы анықтама номері

4. Өзіңіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім беріңіз.

5. Мүгедектік мәртебесін растағаннан кейін жол жүру құнын төлеуіңіз керек

6. Төлем жасалғаннан кейін электронды жол жүру құжаты (билет) жасалады.

! Жол жүрген кезде мүгедектікті растайтын құжаттар түпнұсқаларын өзіңізбен бірге алып жүруді ұмытпаңыз.

Тальго пойыздарының Гранд ПМР классты вагондары мен стандартты вагондардағы арнайы орындарға билеттер «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында сатылады