Елорда вокзалында Тальго пойызының миллионыншы жолаушысын марапаттады

Бүгін бас қалаға Шымкент – Астана бағытындағы №85/86 «Тальго» пойызының жыл басынан бергі миллионыншы жолаушысы келіп түсті.

Мерейтойлық жолаушы 10 жасар Нұрбақыт Ағабек екен. Ол Шымкенттен анасымен бірге елордаға ерекше қажеттіліктері бар балалар арасында жүзуден жарысқа қатысу үшін келген.

Елордалық вокзал кешенінде Нұрбақытты  «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары Мұхит Тұрсынбаев пен пойыз жолсеріктері салтанатты түрде қарсы алып, марапаттады. Тосынсый иесіне Apple ІPad гаджетін, сымсыз құлаққап, жеміс-жидек себетін және гүл шоғын сыйлады.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ Баспасөз-қызметі