Пойызға отырғызу және билеттерді бақылау қалай жүзеге асырылады?

Пойызға отырғызу және билеттерді бақылау

Пойызға отырғызу үшін билетті, сондай-ақ билетті сатып алу кезінде нөмірі көрсетілген жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет. Билеттерді бақылау Жолсеріктің мобильді терминалының көмегімен жүзеге асырылады, ол өз кезегінде отырғызу талонын басып шығарады.. Отырғызу талоны іссапарлар кезінде есеп беру үшін қажет.

Қол жүгін тасымалдау қалай жүзеге асырылады?

Жолаушының өзімен бірге бір толық және балаларға арналған жол жүру құжатына (билетіне) үш өлшем сомасы бойынша (100х50х50) 200 сантиметрден аспайтын, ал "Talgo" фирмасының вагондарынан және оларға ұқсас вагондардан құралған поездарда (вагон корпусының ең жоғары биіктігі – 3290 мм, вагонның ең жоғары ені – 2950 мм) үш өлшем сомасы бойынша (70х40х40) аспайтын 25 кг қол жүгін тегін алып өтуіне жол беріледі. 150 см.

Қол жүгіне жолаушылар жеңіл тасымалдайтын заттар жатады, олар өз өлшемдері бойынша қол жүгін орналастыру үшін көзделген орындардағы жолаушылар вагондарында орналастырылады.

Жолаушының өзімен бірге портфельді, әйелдер сөмкесін, бинокльдерді, шаңғылар мен оларға таяқтарды, қармақтарды, фотоаппаратты, қолшатырды, сондай-ақ өлшемі үш өлшем сомасы бойынша 100 см-ден аспайтын басқа да ұсақ заттарды алып жүрудің белгіленген нормасынан артық тегін алып өтуіне жол беріледі.

Алдыңғы бетке оралу