Қосымша пойыздарды іске қосу туралы

Жолаушылардың тарапынан сұраныстың артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ Алматыдан Нұр-Сұлтанға және Атырауға қосымша үш коммерциялық пойыз іске қосылды.

1. «Алматы-2 - Нұр-Сұлтан-1» бағытындағы №205/206 пойыз бүгін Алматы-2 стансасынан жолға шықты және ертең, 9 қаңтарда, сағат 13.40-та Нұр-Сұлтанға келеді. Дәл осы пойыз ертең сағат 16.20-дан елордадан Алматыға жөнелтіледі.

2. «Алматы-2 - Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» бағытындағы №207/208 пойыз бүгін, 8 қаңтарда, сағат 21.35-те Алматы-2 стансасынан жөнелтіліп, Нұр-Сұлтанға ертең 9 қаңтар күні сағат 12.12-де келеді. Осы пойыз 9 қаңтарда Нұр-Сұлтаннан Алматыға сағат 21.20 қайта жолға шығады.

3. «Алматы-2 - Атырау» бағытындағы №211/212 пойыз бүгін, 8 қаңтарда, сағат 22.10-да Алматы-2 стансасынан Атырауға жөнелтіліп, Атырау қаласына 10 қаңтарда сағат 23.33-те келіп тоқтайды. Атыраудан Алматыға бұл пойыз 11 қаңтар күні түнгі сағат 03.00-де жөнелтіледі.

Естеріңізге сала кетейік, пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді. Барлық жолаушылар пойыздары кестеге сәйкес қатынап жүр.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі