Жамбыл бөлімшесінің Тараз-Луговое учаскесінде пойыздар қозғалысының жабылуы бойынша ақпарат

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі Тараз-Луговое учаскесінің жұп және тақ жолдары теміржол желісінен 250-300 метр қашықтықта орналасқан әскери бөлім аумағындағы оқ-дәрілердің жарылуынан барлық пойыздар  қозғалысы үшін жабық.

Тараздан оқиға ошағынан 8-10 шақырым жерде орналасқан Үшбұлақ станциясына өрт сөндіру пойызы келді. Шу станциясынан да өрт сөндіру пойызы да жіберілді.

Жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды.

 Қазіргі уақытта Петропавл-Қызылорда бағытындағы №75 және Маңғыстау – Алматы-2 бағытындағы №78 жолаушылар пойызы, сондай-ақ 14 жүк пойызы тоқтатылды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі