Төтенше жағдай кезінде билеттерді қайтарғаны үшін ақшалай қаражат алу.

Қазақстан Республикасында 2022 жылғы қаңтарда төтенше жағдай кезінде жүретін жолаушылар пойыздарына жол жүру құжатын (билет) қайтарғаны үшін ақшалай қаражат алу.

Қазақстан Республикасында 2022 жылғы қаңтардың басында болған оқиғалар салдарынан төтенше жағдай (ТЖ) енгізілуіне байланысты «Жолаушылар тасымалы»  АҚ ҚР-да ТЖ кезінде қатынайтын жолаушылар пойыздарына пайдаланылмаған жол жүру құжатының (билеттің) толық құнын өтеу туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта «Жолаушылар тасымалы» АҚ атына жол жүру құжатының (билет) төлемін қайтару туралы келіп түсуде. 

Біз үшін бұл стандартты жағдай емес, бұл ретте «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы қызметкерлері өтініштер мен арыздарды барынша орынды мерзімде қарау және қанағаттандыру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

Бірде-бір келіп түскен өтініш пен арыз назардан тыс қалмайтынын жауапкершілікпен мәлімдейміз.

Халықты қалыптасып отырған жағдайға түсіністікпен қарап, біздің еліміз үшін қиын уақытта шыдамдылық танытып, сабырлы және ұстамды болуға шақырғымыз келеді.