"Жолаушылар тасымалы" АҚ қосымша екі пойызды іске қосты

Сұраныстың артуына байланысты ұлттық тасымалдаушы ("Жолаушылар тасымалы" АҚ - "ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес кәсіпорыны) Алматыдан Ақтөбе және Нұр-Сұлтан бағыты бойынша қосымша екі коммерциялық жолаушылар пойызын іске қосады:

- №213/214 пойызы Алматы-2 станциясынан 2022 жылдың 9 қаңтарында сағат 12.55-те жөнелтіліп, 11 қаңтарда сағат 07.25-те Ақтөбе қаласына келеді.  Пойыз Ақтөбеден Алматыға 11 қаңтарда сағат 19.05-те жолға шығады.;

- №215/216 пойызы Алматы-2 станциясынан 2022 жылғы 9 қаңтарда сағат 13.30-да жолға шығады. Пойыз Нұр-Сұлтан-1 вокзалына 10 қаңтарда сағат 11.35-те келеді. Дәл осы пойыз Нұр-Сұлтан қаласынан Алматыға ертең, 10 қаңтарда сағат 16.20-да шығады.

Пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілгенін еске саламыз. Барлық жолаушылар пойыздары кесте бойынша жүреді.