«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушы әйелдерді 8 наурызбен құттықтады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Халықаралық әйелдер күніне орай жолаушы әйелдерді құттықтауды ұйымдастырды.

Осылайша, 7-8 наурыз аралығында жолаушылар пойыздарында жолсеріктер әйелдерге шағын сыйлықтар мен тәттілер сыйлады. Сонымен қатар, қалааралық пойыздарда және қаламаңы пойыздарында саяхаттаушылар үшін құттықтаулар айтылды.

Мерекеге қосымша акциялар да орайластырылған. Мысалы, «Сәтті сәрсенбі» акциясы аясында Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға 8 наурызда келесі  бағыттар:

№ 3/4 «Алматы – Астана» (Тальго);

№ 9/10 «Алматы – Астана» (Бәйтерек);

№ 37/38 «Маңғыстау – Семей»;

№ 45/46 «Павлодар – Түркістан»;

№ 47/48 «Атырау – Астана»;

№ 65/66 «Жезқазған – Астана» (Тальго);

№ 79/80 «Астана – Арқалық» (Тальго);

№ 81/82 «Қостанай – Астана» (Тальго);

№ 313/314 «Атырау – Маңғыстау»;

№ 613/614 «Бейнеу – Орал» ;

№ 623/624 «Астана – Петропавл» бойынша пойыздарға 50% дейін жеңілдік ұйымдастырды.

«Алтын», «Күміс» жеңілдік карталарының иелері қосымша жеңілдіктер ала алады.