Жолаушылар пойыздарының кешігуі туралы ақпарат

Ұлттық тасымалдаушы ауа райының қолайсыздығына байланысты қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теміржол учаскелерінде қозғалыс жылдамдығына шектеулер қойылғанын хабарлайды.

Жолаушылар пойыздары кешіктіріліп жүреді:

- №3/4 және № 9/10 «Астана – Алматы»,

- №45/46 «Павлодар – Түркістан»,

- №51/52 «Алматы – Орал»,

- №65/66  «Астана – Жезқазған»,

- №71/72 және № 86/85 «Астана – Шымкент»,

- №73/74 «Алматы – Жезқазған»,

- №105/106  «Алматы – Петропавл.

Компания жолаушылар пойыздарының белгіленген Қозғалыс кестесін қалпына келтіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Вокзалдарда жолаушылар пойыздарының кешігуі туралы хабарлау жүргізіледі. 1433 анықтама қызметі арқылы күн сайын және тәулік бойы ақпарат беріледі. Пойыз 3 сағаттан артық кешіктірілген кезде оның кешігуі және жол жүру шарттарының өзгеруі туралы «SMS-хабарлама» жіберіледі.

+7 (707) 270-36-64 (WhatsApp) нөмірі бойынша жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару мәселелері бойынша ақпараттық қолдау көрсетіледі, пойыз кешіккен әрбір сағат үшін жол жүру құжаты (билет) құнының үш пайызы мөлшерінде айыппұл төленеді.

Пойыз 6 сағаттан артық кешіктірілсе, мейрамхана вагондарында тегін тамақ беріледі. Вокзалдарда тамақтану пункттерінің, сауда нүктелерінің, санитарлық аймақтардың (дәретханалардың) үздіксіз жұмысын бақылау қамтамасыз етіледі.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі