Теміржол билеттерін алдын ала сату туралы ақпарат

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы ағымдағы жылдың 12 желтоқсанынан бастап Пойыздар қозғалысының 2021-2022 жылдарға арналған жаңа кестесі енгізілетінін хабарлайды, осыған байланысты жолаушылар пойыздарына билетті алдын ала сату уақытша тоқтатылды.

Жол жүру құжаттарын сатуды жақын арада ашу жоспарлануда.

Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді!