Кейбір жолаушылар пойыздарын тағайындау туралы

«Жолаушылар тасымалы» АҚ кейбір жолаушылар пойыздарының нөмірлері мен қатынау бағыттарының өзгергені туралы хабарлайды:

«Нұр-Сұлтан-Шымкент» бағыты бойынша:

- Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап әлеуметтік маңызы бар күнделікті №86/85 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент» пойызы;

-  Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап стандартты вагондармен жасақталған №71/72 «Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент» күнделікті қатынайтын коммерциялық пойызы тағайындалады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінен бастап №71/72 пойыздың «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент» бағытындағы қатынасы өзгереді.

 «Атырау-Алматы» бағыты бойынша:

- 1 қыркүйектен бастап стандартты вагондардан күн сайын қатынау кезеңділігімен №29/30 «Атырау-Алматы-2» коммерциялық пойызы;

- 3 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар №41/42 «Алматы-2-Атырау» пойызы күн сайын қатынау жиілігімен тағайындалады.

 

Басқа бағыттар бойынша:

- Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінен бастап №10/9 пойыздың «Нұр-Сұлтан-1 – Алматы-1» бағытындағы қатынасы өзгереді;

- Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінен бастап №73/74 «Алматы-2 – Жезқазған» жедел пойызы құрамында Тальго вагондары (стандартты вагондардың орнына) күнара  жиілігімен жүреді;

- Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінен бастап №69/70 «Алматы-2-Өскемен-1» Тальго коммерциялық пойызының жүрісі тоқтатылады.

   Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжаттарын (билеттерін) BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы онлайн ресімдеуді сұрайды. Қажет болған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін «Күту парағы» функционалын пайдалануды ұсынамыз.

Сондай-ақ, жолаушылардан жүру жолында және елдің вокзалдарында бетперде режимін сақтауды сұраймыз.