Ұлттық тасымалдаушы Алакөл бағытында қосымша жазғы пойыздарды іске қосады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Алакөл курорттық аймағы бағытында жазғы кезеңге бірнеше жолаушылар пойызының тағайындалғаны туралы хабарлайды:

  1) 2021 жылдың 17 маусымынан бастап №457/458 «Семей-Достық» қатынасында күн ара қатынау жиілігімен. Семей станциясынан тақ күндер бойынша, Достық станциясынан жұп күндер бойынша жөнелту;

2) 2021 ж.17 маусымынан бастап №459/460 «Өскемен-1 – Достық» қатынасында күн ара қатынау жиілігімен. Өскемен-1 станциясынан тақ күндері, Достық станциясынан жұп күндер бойынша жөнелту;

  3) 2021 жылғы 20 маусымнан бастап №257/258 «Нұр-Сұлтан-1 – Достық» қатынасында жиілігі аптасына 2 рет қатынайды, жексенбі және бейсенбі күндері Нұр-Сұлтаннан, дүйсенбі және жұма күндері Достықтан жөнелтіледі.

 Курорттық аймақ бағытында аптасына 2 рет жиілігімен қатынайтын №54/53 «Нұр-Сұлтан – Достық» пойызы, сондай-ақ жазғы кезеңде құрамында «Нұр – Сұлтан-Достық» тіркемелі вагоны бар №121/122 «Нұр-Сұлтан-Семей» пойызы, №6941/6942 "Ақтоғай-Семей" пойызына Ақтоғай станциясында қайта тіркелетін № 21/22 «Қызылорда-Семей» пойызы құрамындағы «Алматы-Достық» қатынасындағы  тікелей вагон барлығын қаперге саламыз.

 Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі арқылы алуға болады.

Жолаушылар сервис сапасы бойынша өз шағымдары мен өтініштерін шаралар қабылдау үшін жолсеріктер немесе пойыз бастығы арқылы жолдай алады, олай болмаса сапар күнің, пойыздың, вагонның нөмірін және орнын көрсете отырып, 1433 бірыңғай байланыс орталығына жүгіне алады.

  Ұлттық тасымалдаушы өз жолаушыларын жол жүру құжаттарын онлайн, соның ішінде BILET.RAILWAYS.KZ ресми сайты арқылы ресімдеуге шақырады және жолаушылардан коронавирустық індеттің таралуы кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға шақырады.