Жол жүру құжатының (билет) ақшасын қайтару тәртібі мен мерзімі туралы

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы жолаушылардан жол жүру құжатын (билет) қайтару мәселесіне қатысты келіп түскен өтініштерге байланысты темір жол билеттері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген «Темір жол көлігімен жолаушылар, багаж, жүкбагаж бен почта жөнелтілімдерін тасымалдау» ережесіне (бұдан әрі – ереже) сәйкес қайтарылатынын ескертеді.

Пресс-релиз..
 
Билеттің ақшасы билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы қайтарылады.

Осы орайда атап айтарымыз, төтенше жағдай режимі кезінде коронавирус пандемиясына байланысты темір жол билеттерінің ақшасын ұстап қалмай, айыппұлсыз толық көлемде қайтару туралы шешім қабылданды. Көрсетілген кезеңде (16.03.2020ж. – 11.05.2020ж.) сатып алынған темір жол билеттерін жолаушы 6 ай ішінде қайтара алады.

 Билетін қайтару үшін «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының билет кассаларына жүгінген жолаушылар өтініш жазып, оған жол жүру құжатын (билетін) және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса беруі қажет.

Сондай-ақ құжаттарды «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының мына аймақтық филиалдарының біреуіне жіберуге болады:

1) «Солтүстік» аймақтық филиалы (Нұр-Сұлтан қ., Гете к-сі, 11/1);

2) «Оңтүстік» аймақтық филиалы (Алматы қ., Тобаяқов к-сі, 2/1);

3) «Батыс» АФ (Ақтөбе қ., Станция к-сі,11).

Тиесілі ақша қаражатын алу үшін топқа алынған жол жүру құжаттарын (билеттер) қайтару туралы өтініштер өтініш беру тәртібімен «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамына жіберіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 6.

Қосымша
Өтініш (ссылка для скачивание) 
 
Жол жүру құжаттарын (билеттер) өтініш беру тәртібімен және тиісті ақша қаражатын қайтару тәртібі

Билет сатып алу каналы

Билетті қайтару тәсілі

Ақша қаражатын алу

мерзімі

bilet.railways.kz сайты

Сайтта

Пойыз құрастыру стансасынан жөнелтілгенге дейін 1 сағаттан кешіктірмей

5 жұмыс күні ішінде төлеушінің картасына

Билет кассасында

Құрастыру стансасынан пойыз жөнелтілгенге дейін 1 сағаттан кешіктірмей

5 жұмыс күні ішінде төлеушінің картасына

Құрастыру стансасынан пойыздың жөнелтілуіне дейін

1 сағаттан аз қалғанда

Жолаушының өтініш беру тәртібімен 30 күнтізбелік күнге дейін  

Билет кассалары

(қолма-қол есеп айырысу)

Билет кассасында

Құрастыру стансасынан пойыз жөнелтілгенге дейін 1 сағаттан кешіктірмей

Жолаушының қолына билет кассасында  

Құрастыру стансасынан пойыздың жөнелтілуіне дейін

1 сағаттан аз

Жолаушының өтініш беру тәртібімен 30 күнтізбелік күнге дейін  

Билет кассалары

(қолма-қол ақшасыз есеп айырысу)

Билет кассасында

Қайтару мерзіміне

байланысты емес

Жолаушының өтініш беру тәртібімен 30 күнтізбелік күнге дейін  

«Қазпошта» АҚ

«Қазпошта» АҚ пошта бөлімшесі