Алып-сатарлармен күрес жалғасуда

Құрметті сайт пайдаланушылары, алып-сатарлармен күрес жүргізу аясында бүгін келесідей шаралар қабылданды:

1) Тіркелген жүзден астам бірегей жолаушылары бар есепті жазбалар бұғатталды.

2) Күту парағына жаңа ереже енгізілді: бір электрондық мекен-жайға 5-ке дейін белсенді тапсырыс болуы мүмкін.

Сайттың алақол пайдаланушыларын сайтты пайдалану ережелерін бұзуды тоқтатуға шақырамыз. Себебі осы сайт өзіне және отбасы мүшелеріне билеттер сатып алатын жеке тұлғаларға арналған. Бұл сайт теміржол кассалары мен туристік агенттіктердің билеттерді қайта сатып ақша табуға арналмаған.

Алақол пайдаланушылармен күрес әлі де жалғасады.