№ 51/52 «Алматы-2-Орал» бағытындағы жолаушылар пойызы қатынауының қайта жандануы туралы

«Жолаушылар тасымалы» АҚ №51/52 «Алматы-2 – Орал» бағытындағы пойыз 2020 жылғы 2 желтоқсаннан бастап Алматы-2 стансасынан жұп күндері жөнелтіліп, Орал стансасына 2020 жылғы 4 желтоқсаннан бастап келетін/жөнелтілетін болып, күн ара қатынайтыны туралы хабарлайды.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөмірі арқылы алуға болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжаттарын онлайн, соның ішінде ресми BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы ресімдеулерін және коронавирустық инфекцияның таралуы кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрайды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі