Құлсары стансасынан жолаушыларды отырғызу/түсіру уақытша шектелді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешіміне сәйкес коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында 2020 жылдың 18 маусымы сағат 07-00-ден 2020 жылдың 2 шілдеге дейін Құлсары стансасына келесі жолаушылар пойыздарына билет сатуға, отырғызуға/түсіруге уақытша тыйым салынғанын хабарлайды:
- № 37/38 «Маңғыстау-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол»;
- № 309/310 «Маңғыстау-Ақтөбе»;
- № 313/314 «Атырау-Маңғыстау»;
- №77/ 78 және № 313/314 жолаушылар пойыздарының құрамында қатынайтын «Алматы-2-Құлсары» тікелей қатынайтын вагондар.

Құлсары стансасынан пойызға отырғызу/түсіру жолаушыларда дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы немесе медициналық мекеменің шақыру хаты болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Бұдан бұрын Құлсары стансасына дейін немесе сол стансадан жол жүру құжатын (билетін) ресімдеген жолаушылар жол жүру құжатын қайтарып, жүрілмеген жолдың айырмашылығын ала алады немесе билет құнын толық қайтарып ала алады.
Билеттің ақшасы билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы қайтарылады.
Коронавирус пандемиясына байланысты Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауларын және өзімен бірге жеке қорғаныш құралдарын алып жүрулерін сұрайды.