Екібастұздың жас тұрғындары үшін темір жол арқылы қауіпсіз тасымалдау ұйымдастырылды

Екібастұздан 2,5 мыңнан астам бала жолаушылар пойыздарымен Бурабай курортына жеткізіліп, онда олар қысқы демалыстарын өткізді және үйлеріне қайтты.  

 "Жолаушылар тасымалы" АҚ балалардың ұйымдасқан топтарын тасымалдауға ерекше назар аударды. Кәмелетке толмағандарды қауіпсіз және жайлы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін 30 астам қосымша тіркеме вагондар ұйымдастырылды.

Балалардың саяхатын қызықты әрі тартымды ету үшін Бурабай курорты станциясына келгеннен кейін балаларға арналған курорттық аймақтың көрікті жерлеріне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.