Bilet.railways.kz сайтының пайдаланушылары үшін жағымды жаңалық!

Құрметті жолаушылар, біз сайтымызда сіздер үшін көп жаңалықтар мен пайдалы кеңестер дайындадық. Сайт қолданушылары өзінің электрондық пошта мекен-жайларын енгізген кезде жиі қателік жіберетінін байқағандықтан, біз сіздің пошта мекен-жайыңызды қосымша тексеру жасауды енгіздік. Сол себепті сіз өз билетіңізді сенімді түрде ала аласыз. Біздің хаттар сіздің электрондық поштаңыздың Спам қалтасына түспес үшін біз хаттардың форматтарын өзгерттік, бірнеше уақыттың ішінде барлық gmail.com және mail.ru сияқты танымал пошталар біздің сайттан келген пошталарды бірден спам емес түрде қабылдайды. Ал, әзірше, біз сіздерді өз поштаңызда өз билетіңізді таппасаңыз Спам қалтаны тексеріп қарауларыңызды сұраймыз.

Естеріңізге саламыз, егер сіз өз пароліңізді ұмытып қалсаңыз, оны https://bilet.railways.kz/resetting/request мекен-жайы арқылы қалпына келтіруге болады, егер сіз жеке кабинетіңізді белсендіру жөнінде хат алмасаңыз, сіз оны қайтадан https://bilet.railways.kz/confirmation/resend мекен-жайынан сұратуға мүмкіндігіңіз бар.

Біз сіздер үшін 2018 ж. Жаз бойы падаланатын көптеген жаңа функционалдар дайындадық. Сіздерге бақытты саяхат тілей отырып, Facebook, VKontakte, Instagram әлеуметтік желілерінде біздің сайтты пайдалану бойынша ескертулеріңізбен, ойларыңызбен бөлісуге шақырамыз. Біз өз тарапымыздан сіздердің қалдырған ескертулеріңізді қадағалай отырып, барынша жылдам мерзімде түзелуге тырысамыз.

Сізді біздің сайтта көруге қуаныштымыз.

Сіздің bilet.railways.kz