№19/20 рейсі тоқтатылды

Құрметті жолаушылар!

Техникалық себептерге байланысты №19/20 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Атырау» бағытындағы жолаушылар пойызының Нұр-Сұлтан Нұрлы жолдан 07.10.2021ж., Атыраудан 08.10.2021ж. жөнелтілетін бір рейсі тоқтатылды.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №545 бұйрығымен бекітілген «Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау ережесіне» (бұдан әрі-Ереже) сәйкес жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген пойыз тоқтатылған жағдайда, жол жүру құжатын (билетті) қайтару мерзіміне қарамастан, бірақ пойыз жөнелтілгенге дейін жол жүру құны толық қайтарылады.

Толығырақ ақпарат алу үшін жолаушылар теміржол вокзалдарының анықтама бюросына немесе «105» бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуы керек.

Сонымен қатар, "Жолаушылар тасымалы" АҚ 120 орындық қосымша үш вагонды тіркеу арқылы "Нұр-сұлтан Нұрлы Жол - Атырау" бағытындағы № 47 балама пойызға жолаушыларды қайта отырғызу бойынша шаралар қабылдағанын хабарлаймыз.

Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді.