"ҚТЖ билеттері"сайтының мобилді қосымшасының жаңа нұсқасы.

Құрметті сайт пайдаланушылары, "ҚТЖ билеттері"мобильді қосымшасының 1.0.8 нұсқасын шығарғанымызды қуана хабарлаймыз.
Жаңа мүмкіндік қосылды-балалар билетін 75% жеңілдікпен Мейірім дисконттық картасы арқылы рәсімдеу.
Алдымен "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассасында тіркеліп, іске қосу үшін бірегей белгілер жиынтығы бар "Мейірім" электронды дисконт-картасын алу қажет. Өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын және мүгедектікті растайтын құжаттардың түпнұсқалары болуы міндетті.
Бұдан әрі "ҚТЖ билеттері" қосымшасына кіріп -> қажетті маршрутты таңдап -> "Жеңілдік картаны пайдалана отырып" деген белгісін қойып және төмендегі мысалда көрсетілгендей қажетті тарифті таңдау қажет:

Ескерту: балалар тарифі бойынша билетті заказда ересек адам болған жағдайда ғана сатып алуға болатындығын ұмытпаңыз.
Сондай-ақ, сізге Play Market жүйесінде "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшаны 1.0.8 жаңа нұсқасына дейін жаңарту қажет.