Баспасөз хабарламасы

Жолаушылар пойызының нөмірленуі мен санатының өзгеруі туралы

19 қараша 2020ж.                                                                          
Нұр-Сұлтан қ.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ өндірістік қажеттілікке байланысты №705/706 «Алматы-2 – Петропавл» бағытындағы жүрдек пойызының нөмірленуі мен санаты №105/106 жедел пойызына өзгертіліп, 2021 жылдың 2 қаңтарынан бастап Алматы-2-ден, 2021 жылдың 3 қаңтарынан бастап Петропавлдан жөнелтілетіндігін хабарлайды.
             Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөмірі арқылы алуға болады.
             Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжаттарын онлайн, соның ішінде ресми BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы ресімдеулерін және коронавирустық инфекцияның таралуы кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрайды.

                                             «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі