Орынды қайтару

орындарды қайтару туралы қысқаша ақпарат

Орынды онлайн қайтару қызметі жолаушылар пойызының жөнелтілу станциясынан жүруіне 1 сағаттан аз уақыт қалғанда және пойыз электронды билетте көрсетілген станциядан жөнелтіліп кеткен соң 1 сағатқа дейінгі уақыт аралығында ғана жүзеге асырылады.

Жолаушы орынды қайтару үшін мына талаптарды орындауы қажет:

1. «www.bilet.raiways.kz» сайтының басты бетінен «Орынды талап ету бойынша қайтару» деген бөлімді таңдайды.

2. ондағы барлық тиісті жолдарды толтырып, орынның қайтарылғаны туралы түбіртекті жүктеп алады.

Жолаушы қайтарылған электронды билеттің ақшасын алу үшін  жолаушылар пойызы жөнелтілгеннен кейін 40 минуттан бастап 1 (бір) тәулікке дейін «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының электронды билетте көрсетілген жөнелту станциясында орналасқан билет кассасына барып, орынның қайтарылғаны туралы түбіртекті қағазға басылған түрінде көрсетуі тиіс.

Бұл ретте, ақша қаражаты электронды жол жүру құжатын (билет) сатып алу тәсілі мен оның сатып алынған орнына байланысты, белгіленген тәртіппен қайтарылатын болады.

Бұдан басқа жағдайларда, ақша қаражаты жолаушының өтініші бойынша талап ету тәртібімен қайтарылады.

Алдыңғы бетке оралу