Жеңілдіктер мен жеңілдік карталары

Айтыңызшы, қазіргі уақытта қандай жеңілдік карталары бар және оларды қайдан сатып алуға болады?

- Бүгінгі таңда жолаушылар үшін           

"Саяхатшы"дисконт картасы түріндегі жинақтаушы бағдарлама әзірленіп, енгізілді. Осы картаны сатып алу шарттары:

Соңғы 12 ай ішінде жалпы құны "Жолаушылар тасымалы" АҚ жүрдек поездарымен жол жүруді жүзеге асырған жолаушылар үшін:

- 100 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін;жеңілдік мөлшері-10%;

- 150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін; жеңілдік мөлшері-15%

-200 001 теңгеден жоғары; жеңілдік мөлшері-20%;

Дисконттық картаны барлық ірі вокзалдарда "Жолаушылар тасымалы"АҚ кассаларынан сатып алуға болады. Дисконттық карталарды алу үшін өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек.

Жеңілдікті күніне бір рет бір бағытқа немесе жөнелтілу/кері қайтуға пайдалана аласыз

Жеңілдік картасы тек бір адамға ғана тіркеуге болады.Карта жеке болып табылады және оны үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады, картаны айырбастауға, қайтаруға немесе қалпына келтіруге болмайды.

«Алтын» дисконттық картасы

Аты Алтын
Жеңілдік картасы келесі пойыздарға қолданылады Барлық пойыздарға "Жолаушылар тасымалы" АҚ
Адамдар категориясы 15 жастан және одан жоғары
Жеңілдік мөлшері Жеңілдік мөлшері – 25%
Құны, теңге

19.999

Жарамдылық мерзімі Іске қосылғаннан бастап 1 жыл
Дисконттық картаны тіркеу және сату

Теміржол вокзалдарында орналасқан жолаушыға пластикалық дисконттық картаны беру арқылы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында келесі құжаттар негізінде дайындалады:

1. ЖСН есепке алынған Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат;

2. Ұялы телефон нөмірі

3. Егер бар болса, дисконттық картаның болашақ иесінің электрондық пошта мекенжайы.

Жеңілдік картасы тек бір адамға ғана тіркеуге болады.Карта жеке болып табылады және оны үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады, картаны айырбастауға, қайтаруға немесе қалпына келтіруге болмайды.

Жеңілдікті күніне бір рет бір бағытқа немесе жөнелтілу/кері қайтуға пайдалана аласыз

Жеңілдік картасының саны - шектелген 

Күміс

Сипаттама

Аты

Күміс

Пойыз санаты

Әлеуметтік маңызы бар пойыздар "Жолаушылар тасымалы" АҚ

Қызмет көрсету класы

Тальго: 2Д(Турист), 2С(Отыратын) Стандарт: 2К(Купе), 3П(Плацкарт).

Адамдар категориясы

15 жастан және одан жоғары

Жеңілдік мөлшері

25%

Құны, теңге

7.999

Жарамдылык мерзімі

Іске қосылғаннан бастап 1 жыл

Дисконттық картаны тіркеу және сату

Теміржол вокзалдарында орналасқан «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында жолаушыға пластикалық, дисконттық картаны қолға беру келесі құжаттар негізінде дайындалады:

1. ЖСН есепке алынған Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат;

2. Ұялы телефон нөмірі

3. Егер бар болса, болашақ дисконттық карта иесінің электрондық пошта мекенжайы.

Жеңілдік картасы тек бір адамға ғана тіркеуге болады.Карта жеке болып табылады және оны үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады, картаны айырбастауға, қайтаруға немесе қалпына келтіруге болмайды.

Жеңілдікті күніне бір рет бір бағытқа немесе жөнелтілу/кері қайтуға пайдалана аласыз

Жеңілдік картасының саны - шектелген.

Жастар (электрондық)

Аты Жастар (электрондық)
Жеңілдік картасы келесі пойыздарға қолданылады

- №51/52 Алматы-2-Орал

- №105/106 Алматы-Петропавл

- №111/112 Алматы-2-Маңғыстау

- №29/30 Атырау-Алматы-2

- №71/72 Нұр-Сұлтан Нұрлы жол -Шымкент

Адамдар категориясы 16 жастан 25 жасқа дейін
Жеңілдік мөлшері

Талго коммерциялық пойыздары үшін жеңілдік 25% құрайды. Вагон санаты: «Турист» (2D) және «Отыратын» (2C)

Құны, теңге 3.000
Жарамдылық мерзімі Іске қосылғаннан бастап 1 жыл
Дисконттық картаны тіркеу және сату

Теміржол вокзалдарында орналасқан «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларында келесі құжаттар негізінде дайындалады:

1. ЖСН есепке алынған Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат;

2. Ұялы телефон нөмірі

3. Егер бар болса, дисконттық картаның болашақ иесінің электрондық пошта мекенжайы.

Жеңілдік картасы тек бір адамға ғана тіркеуге болады.Карта жеке болып табылады және оны үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады, картаны айырбастауға, қайтаруға немесе қалпына келтіруге болмайды.

Жеңілдікті күніне бір рет бір бағытқа немесе жөнелтілу/кері қайтуға пайдалана аласыз

Жеңілдік картасының саны - шектелген

Мугедектерге қаңдай жеңілдіктер бар?

Барлық топтағы мүгедектерге, сондай-ақ мүгедек балаларға әлеуметтік маңызы бар бағыттардағы маршруттарға 50% мөлшеріңде және Тасымалдаушының қалауы бойынша коммерциялық бағыттарда жеңілдік беріледі.

Жеңілдік билетін сайтта сатып алуға болады bilet.railways.kz. Сайтта сатып алу туралы толық нұсқаулықпен сіз сілтеме арқылы таныса аласыз https://bilet.railways.kz/post/infogr
Алдын ала "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассасында тіркеуді жүргізіп, іске қосу үшін бірегей символдар жиынтығы бар "Мейірім" электронды дисконт-картасын алу қажет.

Ол үшін жолаушыға жеке басын куәландыратын және мүгедектігін растайтын құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну, сондай-ақ мәліметтерді өңдеуге және өзінің байланыс деректерін өңдеуге жазбаша келісім беру қажет.

Поезға отырғызу және жол жүру кезінде жолаушының өзімен бірге жеке басын куәландыратын және мүгедектігін растайтын құжаттардың түпнұсқалары болуы тиіс.

Алдыңғы бетке оралу