№ 25/26 "Алматы - Шымкент" жолаушылар пойызының 1 рейсін алып тастау бойынша ақпарат

"Жолаушылар тасымалы" АҚ техникалық себептерге байланысты  "Алматы – Шымкент" қатынасындағы №25/26 Тальго жолаушылар пойызының, 2023 жылғы 10 қаңтарда Алматы-2 станциясынан және ағымдағы жылғы 11 қаңтарда Шымкент станциясынан жөнелтілуінің 1 рейске тоқтатылатынын хабарлайды.

 

Тоқтатылған пойыз орнына жолаушыларды тасымалдау үшін стандартты вагондардан құрылған №505/506 бір реттік пойыз тағайындалады. Пойыз Алматыдан 2023 жылы 10 қаңтардан, ал Шымкенттен 11 қаңтарда жолға шығады.

 

Жол жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүру құнын толық қайтару жүргізіледі. Стандартты вагондардан тұратын пойызда сапарлағандарға Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және теміржол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес белгіленген тәртіппен жол жүру құнының айырмасы төленетін болады.

 

Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

 

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі