Жаңа жаңарту!

Құрметті сайт пайдаланушылары bilet.railways.kz, біз сізге сайттағы жаңа жаңартулар туралы хабарлауға қуаныштымыз.
1. Жеңілдік картасын қолдана отырып жеңілдік билеттерін ресімдеген кезде, маршрутты таңдаған кезде пойыз нөмірінің жанында "КОМ" - коммерциялық пойыз және "Әлеум." - әлеуметтік маңызы бар пойыз түріндегі сәйкестендіргіш көрсеткіштер енгізілді.



2. Пойыздың сипаттамасына ақпарат қосылды, атап айтқанда тасымалдаушы туралы ақпарат және тасымалдаушының логотипі.


3. Тальго пойыздары вагондарының схемасын өзгерту жұмыстары жүргізілді. Ауаны баптау жүйесінің, ауыз суға арналған диспенсердің, душ кабинасының, 110/220В электр розеткасының және қолжуғыштың болуы қосылды.