«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол билеттерін рәсімдеу мен қайтару кезінде комиссиялық алым енгізілетінін хабарлайды. Бұл тәжірибе әлемнің көптеген елдерінде бұрыннан қолданылып келеді және ол заманауи сервистерді дамытуға, жолаушыларға көрсетілетін қызметтің қолайлылығын арттыруға негізделген.
2025 жылғы қазан айынан бастап билет сатып алу кезінде жолақыға 0,06 АЕК (2025 жылға - 236 теңге) көлемінде комиссиялық алым қосылады, ал билетті қайтарған жағдайда 0,1 АЕК (2025 жылға - 393 теңге) мөлшерінде алым ұсталады.
Комиссиялық алымды енгізу келесі мүмкіндіктерге жол ашады:
Айта кетейік, қолданыстағы тарифтер мен мемлекеттік субсидиялар ақпараттық технологиялар жүйелері мен кассалық сервистерді қолдауға жұмсалатын қомақты шығындарды толық өтей алмайды. Комиссиялық алым енгізу жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп қана қоймай, сервистің әрі қарай дамуына жол ашады.
Ұлттық тасымалдаушы теміржол көлігіндегі сапарды ыңғайлы, қауіпсіз әрі қолжетімді етуге бағытталған жұмыстарын жалғастырып келеді. Компания әрқашан ашық диалогқа дайын және жолаушыларға енгізілетін барлық өзгерістер туралы толыққанды ақпарат беруге әзір.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі