«Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметтік жайлы вагондарды жалға беру қызметін ұсынады.
Бұл қызметтің негізінде әрбір клиентке деген жеке көзқарас жатыр, ал салонның тамаша жабдықталуы сапарды жайлы етеді.
2 қызметтік вагон бар. Жол жүру жайлы болуын қамтамасыз ету үшін вагондар 7 жатын орынмен, душы бар санитариялық тораппен, конференц-залмен, асханамен жабдықталған.
Қызығушылық танытқан жағдайда, қызметтік вагонды қажетті пойыз құрамына немесе қажетті бағыт бойынша жеке локомотивке қосу үшін Клиент өтінімді алдын ала мына электронды поштаға: KensePP@railways.kz жібере алады.
Қосымша ақпарат алу үшін Өкпенова Әлия Демеуғазықызына (маркетинг және сату департаментінің менеджері) +7 705 520 54 74 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.