Ел вокзалдарында «Ashyq» жобасы енгізіледі

ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 03 маусымдағы №26 қаулысының талаптарына сәйкес, 2021 жылғы 17 маусымнан бастап Нұрлы жол теміржол вокзалы кешенінде «Ashyq» жобасы енгізілетін болады. Алматы-1, Алматы-2, Қарағанды және Өскемен вокзалдарында  жоба ағымдағы жылдың 21 маусымынан бастап жұмыс істей бастайды.

1 шілдеден бастап «Ashyq» жобасын Ақтөбе, Атырау, Бейнеу, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Орал, Павлодар, Семей, Тараз, Түркістан, Шымкент және Шу вокзалдарында енгізу жоспарланып отыр.  

Бұл шара короновирустық инфекцияның таралу қаупін азайтып, жұқтыруға әкелетін байланыстар санын қысқарту мақсатын көздейді. 

Мысалы, QR-кодты сканерлейтін «Ashyq» кіру жүйесі Нұрлы жол вокзал кешенінің барлық кіреберістерінде жұмыс істейтін болады. Жолаушылар арасындағы қашықтықты сақтау үшін вокзал кешенінің қызметкерлері жолаушылар ағынын кіреберістерге бөледі.

Жолаушы кірген кезде QR-кодты Ashyq мобильді қосымшасы арқылы немесе Kaspi.kz, Homebank, Aity қосымшалар арқылы сканерлеу қажет. Жолаушыда қосымша немесе смартфон болмаған жағдайда кіре берісте вокзал кешені қызметкеріне ЖСН көрсету қажет.

Шетелдіктердің статусы паспорттың нөмірі бойынша сол жерде тексеріледі. 18 жасқа дейінгі балалар тексеруден өтпейді. "Қызыл" және "сары" статусы бар адамдар вокзал кешеніне кіргізілмейді.

www.ashyq.kz cайтындағы бейтарап QR-код арқылы өз статусыңызды алдын ала тексеруіңізді ұсынамыз.

Жолаушыларға вокзал үй-жайына кіру мүмкіндігі болмаған кезде («Ashyq» қосымшасы) жолаушы пайдаланылмаған жол жүру құжатын (билетін) қайтарып беру үшін билет кассасына бара алмайды. Пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару үшін жолаушылар:

1. WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы bilet.railways.kz сайтында көрсетілген телефон нөміріне (+7 707 270 36 64) орынды тапсыру үшін жол жүру құжатының (билеттің) фотосуретін / скриншотын;  «Ashyq» қосымшасындағы статустың фотосуреті / скриншотын; жеке басын куәландыратын құжаттың фотосуреті (төлқұжат / куәлік / туу туралы куәлік және т.б.) жіберуі керек.

2. Алты ай ішінде (пойыз жөнелтілген күннен бастап) жолаушы жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасын алып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның кез-келген кассасына бара алады және пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын қайтару туралы (1-тармақты ескере отырып)өтініш жаза алады.

Пайдаланылмаған жол жүру құжаттарына (билеттеріне)  төленген қайтару сомасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылдың 30 сәуірдегі №545 бұйрығымен  бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүк багажын және почтаны теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.