"ҚТЖ билеттері"сайтының мобилді қосымшасының жаңа нұсқасы.

Құрметті сайт пайдаланушылары, біз "ҚТЖ билеттері" мобилді қосымшасының 1.0.6 нұсқасын шығарғанымызды қуана хабарлаймыз.
Сатып алынған билеттерді телефонға жүктеу және Интернет болмаған жағдайда қарау мүмкіндіңі қосылды.
Ол үшін "ҚТЖ билеттері" -> "Менің тапсырыстарым" қосымшасына кіріп, қажетті билетті жүктеу қажет. Әрі қарай, "жүктеу" белгішесі көру белгішесіне қалай өзгеретінін байқайсыз (төмендегі мысалда көрсетілгендей). Бұл телефонға билетті сәтті сақтағаныңызды білдіреді, тіпті интернет болмаса да, сіз қосымшаға оңай кіріп, Жеке деректерді көре аласыз.