«Жолаушылар тасымалы» АҚ азаматтарға билеттерді алдын ала сатып алуды ұсынады

Наурыз айына жолаушылар пойыздарына билеттерді сату штаттық режимде жүргізілуде.  Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және вокзал мен жеке компаниялардың билет кассаларынан сатып алуға болады. 

Осы ретте, жолаушыларға өз сапарларын алдын-ала жоспарлауға, сондай-ақ, билетте көрсетілген пойыздың жөнелту және келу уақытына назар аударуға кеңес беріледі.

Анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі арқылы алуға болады. 
                                                
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі